Тұрсынбек Қабатов келіншегімен бірге қажылыққа аттанды

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов екінші жары Айманмен бірге қасиетті Мекке мен Мединаға қажылық сапармен барған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Айман әлеуметтік желідегі парақшасында қасиетті жерлерден түсірілген фотосуреттерін бөлісіп, қазіргі уақытта олардың Медина қаласында жүргенін көрсетті. Сонымен қатар, Тұрсынбек Қабатовтың да видео жариялауы көпшіліктің олардың бірге барғанын байқауына себеп болды.

Желі қолданушылары Айманға ізгі тілектерін жаудырып, қажылықтарының қабыл болуын тіледі.

«Қабыл болсын», «Алла бізге де баруды нәсіп етсін», «Жарасымды жұп», «Өте дұрыс шешім» сынды пікірлер көптеп жазылды.

Тұрсынбек Қабатов Әйел Қажылық әзілкеш

Тақырыпқа жаңалықтар