ҰБТ-ның алғашқы аптасында 86 талапкер ереже бұзған
Бір аптаның ішінде Ұлттық біріңғай тестілеуге 41 мыңнан астам талапкер қатысып, бағын сынады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Олардың 67%-ы сынақты қазақ, 33%-ы орыс және 103-і ағылшын тілінде тапсырды.
46 талапкер смартфон, смарт көзілдірік, микро құлаққап, шпаргалка сияқты тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тестілеуден шеттетілді. Тағы 40 адам ереже бұзғаны үшін аудиториядан шығарылып, нәтижелері жойылған.
Айта кетейік, биыл 240 мыңға жуық талапкер білім сынағын тапсыруға өтінім берген.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: