Ұшақта бортсерікті ұрған ер адам жазаланды

Ұшақта бортсерікті ұрған ер адамға айыппұл салынды, деп хабарлайды Arbat.media.

Жолаушы 23 сәуірде ұсталды. Ол сотта өз кінәсін мойындап, өкінішін білдірді. Сондай-ақ бес баласы барын, соттан әкімшілік айыппұл түріндегі жаза тағайындауды сұрады.

Нәтижесінде оған 55 048 теңге айыппұл салынды.

Бұған дейін 20 сәуірде Scat әуе компаниясының Астана – Ақтау бағытындағы рейсінде ер адам бортсерікті соққыға жыққан еді.

Ақпарат видео Ұшақ борт

Тақырыпқа жаңалықтар