Қазақстан жаңалықтары15 ақпан 2024, 13:12

Ұялы байланыс операторларына 10 млн теңге айыппұл салынды

Рудныйдағы сапасыз интернет үшін ұялы байланыс операторлары жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы бүгін Рудный қаласының прокуратурасы мәлімдеді

Рудный қаласының прокуратурасы өңіраралық байланыс инспекциясымен бірлесіп қала көшелерінде 3G/4G технологияларында интернетке қол жеткізу сапасының және деректерді жүктеу жылдамдығының бұзылуын анықтады.

«Прокурорлық қадағалау актісі бойынша байланыс операторлары жалпы сомасы 10 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұлдарға тартылды, сондай-ақ олардың атына бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар енгізілді», деп жазылған ресми ақпаратта.

Нұсқамаларды орындау қорытындысы бойынша мобильді операторлар қалада байланыс сапасын жақсарту үшін қосымша антенналар мен құрылғылар орнатты, осылайша 103 мың ұялы байланыс абонентінің құқықтары қорғалды.

ұялы байланыс 10 млн теңге Айыппұл Рудный

Тақырыпқа жаңалықтар