Қазақстан жаңалықтары9 желтоқсан 2023, 18:44

WhatsApp-та өзгенің арына тиген азамат айыппұл төледі

Атырау облысының тұрғыны WhatsApp мессенджерінде өзгенің арына тиетін дыбыстық хабарлама жіберіп, ақыры сот үкімімен 69 мың теңге айыппұл төледі, - деп хабарлайды Arbat.media.

Жылыой аудан сотында жәбірленушінің абыройына нұқсан келтірген адамға қатысты қылмыстық іс қаралды. Айыпталушы З.И.-ға қатысты ҚР ҚК 131-бабының 1-бөлігімен қорлау, басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiту бойынша айып тағылған. 

«Жәбірленуші А.Т. арызында З.И.-дың WhatsApp желісі арқылы абыройы мен қадір-қасиетіне тиетін дыбыстық жазба жолдағанын көрсетіп, оны қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұрады. Сот дәлелдемелерді зерттеп, психологиялық-филологиялық сараптама қорытындысына сәйкес, сотталушы З.И-дің іс-әрекетінде ҚР ҚК 131-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылықтың құрамы бар деп тапты. Шағымданушының З.И.-ды аталған 131-баптың 1-бөлігімен жауаптылыққа тарту туралы арызына байланысты іс жеке айыптаудың шеңберінде қаралды», - дейді п хабарлады Жылыой ауданы баспасөз қызметі.

Құқық бұзушыға 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі 69 мың теңге айыппұл салынды.

Сотталушы З.И.-дан жәбірленушінің пайдасына сараптама жүргізумен байланысты 293 мың 250 теңгенің сот-процестік шығыны өндірілді. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

whatsapp Жылыой Атырау Айыппұл

Тақырыпқа жаңалықтар