Халық Күләш Ахметованы ақтық сапарға шығарып салды

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Күләш Ахметованы халық Тараздағы өз үйінен соңғы сапарға шығарып салды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев жаназасына жиналған қауымға Президенттің көңіл айту хатын оқыды. Сонымен қатар, Қазақстан Жазушылар Одағының хатшысы, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, ақын Бауыржан Жақып Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың көңіл айту хатын жеткізді.

Күләш Ахметова Тектұрмас кешеніндегі зиратқа жерленді.

Тараз Күлаш Ахметова Марқұм жерлеу рәсімі

Тақырыпқа жаңалықтар