Химикат шығаратын зауытта жойқын жарылыс болып, 5 адам қаза тапты
Қытайдың Вэйфан қаласындағы Shandong Youdao Chemical компаниясының зауытында болған жарылыстан 5 адам көз жұмды, тағы 19 адам жараланған, деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы CCTV мемлекеттік телеарнасы хабарлады.
Жарылыстан кейін зауыт аумағынан қою түтін шыққан, иісі жақын маңда қатты сезілген. Оқиға орнына 232 құтқарушы мен 55 техника жұмылдырылды. Апаттың себебі әзірге анықталған жоқ.
Зауыт пестицид пен фармацевтикалық өнімдерге арналған химикаттар шығарады. Мұнда 500-ден астам қызметкер жұмыс істейді. Құтқарушылар құрбандар саны артуы мүмкін деп отыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: