«Хуторлықтар». Хасан Қасымбаев сот шешімімен екі айға қамауға алынды
Фото: видеодан алынды
Videoskrin
Қазақстан жаңалықтары6 қараша 2024, 11:12

«Хуторлықтар». Хасан Қасымбаев сот шешімімен екі айға қамауға алынды

Атышулы Хасан Қасымбаев сот шешімімен екі айға қамауға алынды. Бұлтартпау шарасын бүгін Қонаев қаласының соты қабылдаған. Жұрт «Хуторлықтар» қылмыстық тобының басшысы деп айыптаған Хасан Қасымбаев сенбіде ұсталған болатын. Ол талғарлық Шерзаттың өліміне қатысты емес, үш жыл бұрынғы өзге қылмыс бойынша тұтқындалған. Яғни 2021 жылы ережесіз жекпе-жек шебері Арман Әлімовті ұрып-соғуға, артынан ұрлауға тапсырыс берді деген күдікке ілініпті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Іс қаралғанда Хасан куәгер ретінде қатысқан. Ал кінәлі деп танылған бес адам жазаға тартылыпты.

Енді Қасымбаевтың өзіне қатысты да тергеу жүріп жатыр.

Ол «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» және «Адам ұрлау» баптары бойынша күдікті.

Хасан Қасымбаев Хуторлықтар

Тақырыпқа жаңалықтар