Жамбыл облысында натрий цианидін өндіретін зауыт салынады
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев «Altynalmas Reagents» ЖШС директоры Уәлихан Атагелдиевті қабылдады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Кездесуде «Тараз химиялық паркі» АЭА аумағында натрий цианидін өндіру жобасын жүзеге асырудың барысы талқыланды.
Жобаның жылдық қуаттылығы 25 мың тонна, құрылысына 250 адамды тартылады, ал пайдалану кезінде 100-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады.
Іске қосылғаннан кейін кәсіпорын натрий пиросульфиті мен каустикалық сода өндірісін жолға қойылады.
Сабақтас өндірістерді құру, өнімді өткізуді жолға қою және экспорттау мәселелері де талқыланды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: