Жанармай нарығына бақылау күшейеді
Елімізден жанармайдың заңсыз шығарылуына жол бермеу үшін бақылау шаралары күшейеді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен кеңесте жанар-жағармай нарығындағы заңсыздықпен күрес мәселесі талқыланды.
Көрші елдердегі баға айырмашылығына байланысты отынды елден әкету қаупі жоғары болғандықтан, мемлекеттік органдар мұнай өңдеу зауыттарынан жанармай бекеттеріне дейінгі барлық кезеңді толық бақылауға алмақ.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: