Қазақстан жаңалықтары9 сәуір 2025, 13:00

“Жансақтау бөлімінде”: Қосшыда балабақша балалары бар автобус жол апатына ұшырады

Қосшыда шағын автобус аялдамаға соғылып, 7 бала ауруханаға түсті, деп хабарлайды Arbat.media.

Ол балаларды балабақшаға апара жатқан. Жол апаты «Лесная поляна» тұрғын үй алабында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, «Ивеко» қоғамдық көлігі балаларды балабақшаға таситын «Toyota» шағын автобусымен соқтығысқан. Артынша «Toyota» автобусы аялдамаға соғылған. Микроавтобуста 10 бала болған. Оның 7-еуі Астанадағы ауруханаға жеткізілді. 1 бала жансақтау бөлімінде жатыр.

Бала, балабақша

Тақырыпқа жаңалықтар