Заңсыз микронесие ұйымдарын ашқан кәсіпкер Сергей Койнов ұсталды

ҚМА Ақтөбеде танымал кәсіпкер әрі блогер Сергей Койновтың ұсталғанын растады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Тергеу мәліметінше, «Актив Ломбард» желісінің иесі Сергей Койнов сенімді адамдарына «Актив Маркет» брендімен тіркелген бірнеше компания рәсімдеген. Ол компаниялар тауарлар мен тұрмыстық техниканы қабылдайтын комиссиялық дүкен ретінде көрсетілген. Алайда іс жүзінде лицензиясыз ломбардтық қызмет көрсеткен. Олар мүлікті кепілге қою арқылы қарыз берумен айналысқан.

«Заңнамаға сәйкес, қысқа мерзімді қарыздар (45 күнге дейін) бойынша сыйақының ең жоғары мөлшерлемесі тәулігіне 0,3%-дан аспауға тиіс. Алайда Койнов С.С.-тың компаниясы 15 күнге 16,2% сыйақымен қарыз берген, бұл заңда белгіленген шектен 4 есе артық», - деп хабарлады ҚМА.

Осылайша, жүз мыңдаған азаматтар кәсіпкердің тұсағына түскен. Ал Сергей Койнов 2 жылда заңсыз түрде 3,5 млрд теңгеден астам қаражат тапқан. Кәсіпкер түскен кірістерді заңдастыру үшін жалған келісімшарттар рәсімдеген.

Қазіргі уақытта еліміздің барлық өңірлерінде 200-ден астам тінту жүргізіліп, заттай дәлелдемелер алынды.

микронесие Қылмыс заңсыз сот

Тақырыпқа жаңалықтар