Қазақстан жаңалықтары24 қазан 2023, 12:15

Заңсыз жекешеленіп кеткен инвестқор мемлекетке қайтарылып жатыр

Қаржы мониторинг агенттігі «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ заңсыз жекешелендіру фактісі бойынша тергеуді жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media

«Бәйтерек» «ҰБХ» АҚ меншігіне құны 63,3 млрд теңге болатын ҚИҚ-ның 100% акциясы қайтарылды. 

Сотқа дейінгі тергеу басталған кезде қордың Қазақстанның даму банкі алдында 18,7 млрд теңге көлемінде борышы болған.

Агенттік қолма-қол ақшамен өтеу арқылы берешекті үш есе төмендетті. 12 еншілес компания қордың бақылауына қайтарылды.

Бұл — металл конструкцияларын, жол және құрылыс битумын шығару, шиналарды және ірі қара малдың терісін қайта өңдеу, қағаз-картон өнімдері, желімделген ағаш конструкциялар, бағыттамалы бұрма шығару зауыттары және полиграфия.

ҚИҚ балансына Алматы қаласындағы бизнес-орталықтың ғимараты және Алматы облысындағы құны 1,6 млрд теңгеден асатын жер учаскелері қайтарылды. «Dosjan Temir Joly» АҚ жылына небәрі 100 млн теңгеге 10 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға беру туралы шарт жойылды.

Кәсіпорынның 2022 жылдың қорытындысы бойынша таза пайдасы 1,3 млрд теңгені құрағанымен, бастапқы бағалау кезінде бұл ескерілмеген. Активтерді мемлекет пайдасына қайтару жөніндегі жұмыс жалғасады. 

Қаржы мониторинг агенттігі Қазақстанның инвестициялық қоры аңсыз жекешелендіру Тергеу

Тақырыпқа жаңалықтар