Жантүршігерлік ұшақ апаты: президент отбасымен бірге ажал құшты
Нью-Йоркте тікұшақ Гудзон өзеніне құлап, алты адам қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.media Orda.kz сайтына сілтеме жасап.
Нью-Йоркте Гудзон өзеніне құлаған тікұшақ апатынан Siemens компаниясының Испаниядағы бөлімшесінің президенті Агустин Эскобар мен оның отбасы мерт болды.
Оқиға ондаған куәгердің көз алдында болған. Әуеде келе жатқан тікұшақ кенеттен теңселе бастап, өзенге құлап кеткен. Апат себебі әзірге белгісіз. Қаза болғандардың үшеуі – бала. Тікұшақ бортында ұшқыштан бөлек, Испаниядан барған туристер отбасы болған.
Құтқарушылар бірден көмекке ұмтылғанымен, ешкімді аман алып қалу мүмкін болмады. Тікұшақтың пилоты да апат салдарынан қаза тапты.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: