“Жарты жыл өмірі қалған”: Қожа рөлін сомдаған актер ауыр дертке шалдықты
Қожа рөлін сомдаған актер ауыр дертке шалдықты, деп хабарлайды Arbat.media.
Журналист Жанар Қанафина әлеуметтік желідегі парақшасында "Менің атым Қожа" фильмінде Қожа рөлін сомдаған Нұрлан Сегізбаевтың ауыр дертке шалдығып, көмекке мұқтаж екенін айтты.
Журналистің мәліметінше, дәрігерлер танымал актердің жарты жыл өмірі қалғанын айтқан. Ол қазір 4-ші дәрежелі өкпенің созылмалы обструктивті ауруымен күресіп жатыр.
«Қазір Нұрлан Санжарұлына қаржылай көмек қажет. Емделіп, жұмыстарын аяқтау керек. Ол журналистика факультетінде сабақ берген. Қазір сырқатына байланысты жұмыс істемейді. 75 жасында тыныс алу аппаратында тәулігіне 14 сағат бойы жататын адам қалай жұмыс істесін? Соған қарамастан Нұрлан аға маған Нұрғиса Тілендиев жайлы сұқбат берді", - деп жазды Қанафина.