“Жассың ғой, жүріп кел”: Психолог Мақпал Қаратай бұрынғы күйеуін бес жылдан бері күтіп жүргенін айтты

Танымал психолог әрі коуч Мақпал Қаратай бұрынғы күйеуін әлі де күтетінін айтты, деп хабарлайды Arbat.Media Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеп. 

Бұл туралы ол журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында ашық баяндады.

"Қайтып келеді деп үміттендім, оған хат та жаздым. “Бес жыл күтемін” деп уәде бердім. Биыл, міне, сол бес жыл толды. “Барып кел, жүріп кел, сен ерте үйлендің, жассың ғой, басың әлі піспеген шығар” деп ойладым. Ол менен үш жас кіші еді. “Сондықтан да үйленбе, тек өмір сүр, мен болсам отбасың ретінде сені күтемін” деп хат жазған болатынмын. Сол хатқа ол: “Мені бес жыл күтпей-ақ қой” деп жауап берді", — дейді Мақпал.

Ол бұрынғы күйеуін ұмыта алмай, басқа ер адамдармен араласуға да дайын болмағанын жасырмады.

"Сол күтумен жүріп, алғаш рет бір кездесуге баруға келісім бердім. Бірақ бара алмадым. Ержанар (бұрынғы күйеуі) келіп, “Сен көзіңе шөп салып жатырсың” деп айтатындай күй кештім. Қатты қиналдым. Әлгі жігітке бір аптадан кейін кездесуді ұсындым. Ол: “Не кедергі?” деп сұрады. Ержанардың немере қарындасы сол кезде менің қолымда, Стамбұлда бірге жүрген. Қарындасын ертіп бардым. Кездесу кезінде әлгі жігіт қолымнан ұстағаны сол еді, қасымдағы қыз айғай салып: “Мақпал апай, мен сізді басқа еркектің жанында көре алмаймын!” — деді. Солайша мен тағы да бас тарттым. Сондықтан әлі де күтудемін", — деп ағынан жарылды психолог.

психолог коуч күйеу Әйел

Тақырыпқа жаңалықтар