Жазира Байырбекова болашақ келінімен және құдаларымен танысты

Қазақ эстрадасының жұлдызды жұбы Жанболат пен Жазира жақында келін түсірмек. Олар болашақ құдаларымен және келінімен танысты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Өнер иесі отбасына қатысты сүйінші жаңалықты Instagram желіcінде бөлісті. Әнші болашақ келінімен құшақтасып тұрған сәтінен фото жариялады.

"Болашақ келініммен алғаш рет таныстым кеше", - деп жазды Жазира Байырбекова желіде.

Өнерлі жұптың құдаларымен танысу сәтіне Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиева, Сәкен Майғазиев пен Динара Майғазиева, Нұрлан Еспанов сынды эстрада жұлдыздары куә болған.

"Сүйінші! Жазира әпкем мен Жанболат ағам келін түсіріп жатыр! Тәтті шәйға барып, құдалармен танысып қайттық! Бұйырса ұланасыр той", - деп жазды Нұрлан Еспанов желідегі парақшасында видео жариялай отырып.

Жазира Байырбекова Әнші келін той
Кеше, 15:19 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 16:26 Қазақстан жаңалықтары
Бүгін, 9:36 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 13:30 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар