Қазақстан жаңалықтары8 сәуір 2025, 11:36

Жер сілкінісінен кейін жоғалып кеткен 160 адам әлі табылмады

Мьянмада зілзала құрбандарының саны 3600-ге жетті, деп хабарлайды Arbat.media.

Жараланғандар қатары – 5017 тұрғын. Ізім-ғайым жоғалып кеткен 160 тұрғын әлі табылмады. Елдің Метеорология және гидрология департаментінің мәліметтері бойынша, осы сәтке дейін 89 афтершок тіркелген. Олардың қуаты 2,8 балдан басталып, 7 жарым балға дейін жеткен.

Қиранды астында қалғандарды іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Табиғи апат болған аймақта жаңбыр жауып, түрлі жұқпалы аурулардың таралу қаупін арттырды.

Жер сілкінісі, Мьянма, адам
14 шілде 2025 Қазақстан жаңалықтары
13 шілде 2025 Қазақстан жаңалықтары
13 шілде 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар