«Жерге көміп, шөп төккен»: Жетісайда жоғалған әйелдің денесі ауылдасының ауласынан табылды

Жетісайда екі ай бұрын жоғалған Айгерімнің мәйіті ауылдасының ауласынан табылды, деп хабарлайды Arbat.media Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Қаңтардың жиырма сегізінде жұмысқа шығып кеткен қыз сол күйі үйіне оралмапты. Марқұмның анасы Мейрамгүл Бердалиеваның айтуынша, 38 жастағы қызының денесі екі апта өткеннен кейін көрші көшедегі ер адамның үйінің маңынан табылған. Анасы қызынан хабар үзілген күні-ақ осы ер адамнан күдіктеніпті.

«Үйінің артына көміп тастаған. Бала мойындап отыр. Мен өлтірдім деді. Мойнына жіп салдым деді. Бірақ мойынында ешқандай жіптің ізі жоқ. Зорлаған. Қинаған. Білгенін істеген. Тыр жалаңаш көміп тастаған. Топырақпен көмген. Үстіне шөп төсеген. Кейін ол жерге ат байлап қойған», - дейді марқұмның анасы.

Күдікті бұған дейін екі рет адам өлтіріп сотталған екен.

Ақпарат Жетісай Әйел көмген

Тақырыпқа жаңалықтар