Жетім балаларды интернат ұйымдарына орналастыру тәртібі өзгерді

Жетім балаларды интернат ұйымдарына орналастыру тәртібі өзгерді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Енді қорғаншылық және қамқоршылық органдары оларды алдымен үш тәулікке дейін толық тексеруден өткізу үшін медициналық ұйымдарға уақытша орналастыруға міндетті. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Бұл қадам баланың денсаулығын дер кезінде тексеруге, медициналық көмек көрсетуге және заң аясында әрі қарай қолдауды ұйымдастыруға мүмкіндік береді», – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, елімізде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 111 ұйым бар. Онда 3,6 мыңнан астам бала тәрбиеленуде.

Ақпарат Құжат ұйым орын

Тақырыпқа жаңалықтар