Жетісуда өзенге құлап кеткен ер адамның денесі табылды
Жетісуда өзенге құлап, жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Arbat.media.
Кербұлақ ауданында жоғалған әскери қызметкерді Жетісу ТЖД құтқарушылары тапты. Марқұмның денесі бүгін, 15 мамырда мәйіт ағыс бойымен 15 шақырым төмен жерден табылды. 36 жастағы ер адамның денесі полицияға тапсырылып, сараптама тағайындалды.
«ТЖД, орман күзеті күштері, жергілікті атқарушы органдары, полиция, әскери полиция және қорғаныс министрлігінің бөлімше қызметкерлері ауқымды іздестіру жұмыстарын ұйымдастырды. Барлығы 98 адам мен 22 техника, соның ішінде жүзу құралдары, дрондар жұмылдырылды», деп хабарладыьЖетісу облыстық ТЖД.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: