Жезқазғанда заңсыз киік мүйіздерін сақтаған ер адам ұсталды
Ұлытау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері «Киік – 2025» жедел-профилактикалық іс-шаралар аясында заңсыз сақталған киік мүйіздерін анықтады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Атап айтқанда, 53 жастағы азаматтан 322 киік мүйізі мен өлекселері тәркіленді. Ер адамның айтуынша, 2024 жылдан бастап осы уақытқа дейін ол дала аумағында киік мүйіздерін жинап, кейіннен сату мақсатында үйінің шатырында сақтаған.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу жүргізілуде. Оқиғаға қатысы бар өзге де тұлғалар анықталып жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: