Қазақстан жаңалықтары23 шілде 2025, 11:43

Жезқазғандық келіншек сұмдық қылмысы үшін 5 жылға сотталып кетті

Жезқазғанда қаржы пирамидасын ұйымдастырған әйел 5 жылға сотталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бас прокуратураның мәліметінше, қала тұрғыны 22 адамға 27 млн теңге залал келтіргені анықталды.

Күдікті 2024 жылдың наурызынан желтоқсанына дейін қаржы пирамидасына жаңа қатысушыларды тіркеп, кездесулер өткізген. Сондай-ақ, Telegram арқылы үгіт материалдарын таратумен айналысқан.

Айыпталушы электронды валютаға инвестиция салу арқылы пайда табуға болады деген желеумен азаматтарды алдаған.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Жезқазған Әйел пирамида сотталды
4 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 13:16 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 14:29 Қазақстан жаңалықтары
4 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар