Қазақстан жаңалықтары6 қараша 2023, 12:43

Жол апатынан көз жұмған балалардың саны артып барады

10 айда елімізде жол апатынан қаза тапқан балалардың саны 14 пайызға артты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова айтты.

«Биыл 10 айда жол-көлік оқиғасы кезінде қаза тапқан балалардың саны 14, ал зардап шеккен балалардың саны 3 пайызға артып отыр. Зардап шеккен балалардың жартысынан көбі жолаушылар, ал қалғаны жаяу жүргіншілер. Көп жағдайда балалар ересектердің тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін зардап шегеді. Себебі олар автоорындықтар, бустерлер және адаптерлер сияқты балаларды ұстайтын құрылғыларды пайдаланбайды. Балаларға қауіпсіздік деңгейін бағалауды үйренуге және қиын жағдайларда өздерін сенімді сезінуге көмектесуіміз керек».

«Жаяу жүргіншілер кінәлі болатын жол-көлік оқиғаларының негізгі себебі – белгіленбеген жерден жолды кесіп өтуі, жақындап қалған көліктің алдынан жүгіріп өту және бағдаршамның тыйым салу сигналына өту».

Балалар Жол апаты Статистика

Тақырыпқа жаңалықтар