Жол апатынан қайтыс болған жігіттің жүрегі ер кісіге салынды
Фото: instagram.com/gorzdravshymkent
instagram.com
Қазақстан жаңалықтары26 шілде 2024, 4:44

Жол апатынан қайтыс болған жігіттің жүрегі ер кісіге салынды

Шымкентте «Жүрек» орталығының дәрігерлері жүрек трансплантациясын сәтті жасады. Жол апатынан қайтыс болған 18 жастағы жігіттің жүрегі орта жастағы науқасқа салынды. Жүрегін алмастырған науқас – қаланың 58 жастағы тұрғыны. Дәрігерлер пациентке күні кеше жол апатынан қаза тауып, 4 ағзасы мұқтаж науқастарға бөлінген 18 жасар жігіттің жүрегін салып берді. Отадан кейін науқас реанимация бөлімшесіне ауыстырылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Дәрігерлер жүрегі алмастырылған пациент есін жиып, жағдайы жақсарғанын мәлімдеді», - деді қалалық Денсаулық сақтау басқармасынан, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Мәйіттен алынған жүрек трансплантациясы Шымкентте осымен екінші рет жасалынып отыр.

Бұл жолы қаладағы «Жүрек орталығының» қызметкерлері ағза алмастыру отасын өздері жасаған.

Мұндай жоғары технологиялық операциялар мемлекет тарапынан тегін жасалады.

Еске салсақ, бұған дейін Түркістан облысында қайтыс болған 18 жастағы жігіттің ағзасы 4 науқасқа салынатыны туралы жаздық. Оның жүрегі шымкенттік науқастың өмірін аман қалып қалуға мүмкіндік берген.

Шымкент өлім донор жігіттің жүрегі

Тақырыпқа жаңалықтар