Жол бойына мина қойылған: жарылыстан бір топ адам қаза тапты

Нигерияда лаңкестік жарылыстан сегіз адам қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.media.

Лаңкестердің іс-әрекетінен тағы 21-і жараланды. Алдын ала ақпарат бойынша жол бойына жасырылған мина жарылған. Билік шабуылды «Боко Харам» лаңкестік тобы жасады деп мәлімдеді. Олар кейінгі 15 жылда 20 мыңнан астам адамның ажалына себеп болған.

Лаңкесткрді іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қаза болған бейбіт тұрғындардың отбасына тиісті көмек көрсетіледі.

Лаңкес, жарылыс

Тақырыпқа жаңалықтар