Жоқ малды сатып алуға мемлекеттен миллиард теңге алған
Ақтөбе облысында жоқ малды сатып алмақ болған алаяқтар сотталды. Олар арам пиғылын жүзеге асыру үшін “Аграрлық несие корпорациясынан” миллиард теңгеге жуық ақша алған, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы КТК телеарнасы жариялады.
Үш ақтөбелік мемлекеттік “Сыбаға” бағдарламасы арқылы оңай ақша таппақ болған. Олар өзге біреулердің атына шаруа қожалықтарын ашып, жалған құжаттар дайындаған. Сөйтіп асыл тұқымды мал сатып алуға мемлекеттен миллиард теңге алыпты. Алайда ақша қалтаға түскенімен, сатып алынған төрт түлік жоқ. Осы алаяқтық әрекеті үшін үш тұрғын бес жылға бас бостандығынан айырылды.
Айжамал Сүндетова, Ақтөбе облысы сотының баспасөз хатшысы:
— Үш азамат бес жыл мерзіміне бас бостандығынан айыру және меншіктің әр түрлі нысандарындағы ұйымдарда қаржы шаруашылық қызметімен байланысты лауазымдармен, басшы лауазымдарын атқару құқығынан айырылып, он жылға сотталды.