Жүк пойызының астынан өтпек болған әйел көз жұмды
Семейде жүк пойызының астынан өтпек болған әйел көз жұмды, деп хабарлайды Arbat.media.
Оқиға 14 сәуірде Семейде болған. Жантүршігерлік сәт видеоға түсіп қалған. Кадрлардан вагон арасынан өтпек болған әйелді пойыз басып өткенін көруге болады. Куәгерлер бірден көмекке жүгіріп, әйелді рельс астынан шығарып алған. Алайда әйел ауыр жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмды.
Көлік полициясы департаменті қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазір іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүріп жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: