Қазақстан жаңалықтары27 мамыр 2025, 18:40

Жүкті әйелдің жүрегі тоқтап қалды

Ақтауда жүкті әйелдің жүрегі уақытша тоқтап, ота жасалды, деп хабарлайды Arbat.media.

Маңғыстаулық дәрігерлер жүкті әйелдің жүрегіне ота жасап, ана мен баланы аман алып қалды.

Үшінші сәбиіне аяғы ауыр 28 жастағы науқасқа митралды қақпақшасын ауыстыру операциясы жасалды. Мұндай ота кезінде ананың жүрек соғысы уақытша тоқтайды.

Отаны кардиохирург Ағзам Алдашев пен Ербол Кұдабаев жасаған. 2 сағатқа созылған операция сәтті өтті. Ана мен баланың жағдайы жақсы.

Жүкті әйел Ақтау Ота
16 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 12:36 Қазақстан жаңалықтары
16 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары
16 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар