Жыл басынан бері 14 жасқа толмаған 6 қыз жүкті болған
ФОТО: Depositphotos
Depositphotos
Қазақстан жаңалықтары12 қазан 2024, 11:00

Жыл басынан бері 14 жасқа толмаған 6 қыз жүкті болған

Жыл басынан бері 18 жасқа дейінгі жеткіншектер арасында 1651 жүктілік және 257 аборт тіркелді. Бұл туралы ҚР ДСМ Аналар денсаулығын сақтау басқармасының басшысы Шәкизат Халықова айтып берді. Оның айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі ай сайын жасөспірімдер жүктілігіне мониторинг жүргізіп отырады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«Ай сайын 18 жасқа дейінгі жүктілік пен аборт саны қаралып отырады. Былтыр 2023 жылдың 9 айында жасөспірімдер арасында 2288 жүктілік пен 385 аборт тіркелген еді. Ал биылғы 9 айда – 1651 жүктілік және 257 аборт болған», - деді Ш. Халықова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен бірге, спикер 14 жасқа дейінгі және 15-17 жас аралығындағы жүктілік статистикасы бөлек жүргізілетінін атап өтті.

«Өткен жылы 14 жасқа толмаған қыздар арасында 9 жүктілік жағдайы анықталды. Әрине мұндай ерте жаста көп жағдайда зорлық-зомбылық салдарынан жүкті болған жағдайлар бар, бұл енді Әділет министрлігінің құзырындағы ақпарат. Біздің міндетіміз – жүктіліктің барлық кезеңінде медициналық көмек көрсету және бұл көмектер толыққанды көрсетілді. Биыл 14 жасқа толмаған 6 қыз бала көтерген», - деп толықтырды Ш. Халықова.

Айта кетейік, Қазақстанда жүкті әйелдерді скринингпен қамту 10% өсті. Бүгінгі таңда 270 мыңға жуық әйел жүктілік бойынша есепте тұр.

 

14 жасқа толмаған Қыздар жүктілік Статистика

Тақырыпқа жаңалықтар