Қазақстан жаңалықтары30 мамыр 2024, 9:12

Жылыойда су сорғызу жұмыстары кезінде құтқарушы жігіт қаза тапты

Жылыой ауданында су сорғызу жұмыстарын жүргізу барысында 23 жастағы азамат қаза тапты, дейді Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі, - деп хабарлайды Arbat.media

"2024 жылғы 29 мамырда Атырау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Атырау қаласы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі азаматтық қорғау сержанты Ракым Бейбарыс Жалғасбайұлы Жылыой ауданының Құлсары қаласында су сору бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында бақилық болды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда" делінген хабарламада, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ракым Бейбарыс 2001 жылы Атырау қаласында туған. Азаматтық қорғау органдарында 2021 жылдан бастап қызмет етті. Осы қысқа уақыт ішінде бірнеше ірі, күрделі өрттерге қатысып, адам өмірін, мүлкін құтқаруда, қорғауда бар күш-жігерін салып, халық алғысына да бөленген болатын.Бейбарыстың артында ата-анасы, бауырлары мен жары қалды.

Жылыой Құтқару өлім

Тақырыпқа жаңалықтар