Қазақстан жаңалықтары7 желтоқсан 2023, 17:29

Алматы облысында қатыгез әке туған ұлын ұрып-соққан

Алматы облысында ұлын ұрып-соққан ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Оқиға Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында болған. Алматы облысының әкімдігі аталмыш оқиғаға қатысты түсінік берді. 

«Әлия Молдағұлова атындағы мектепте үшінші сынып оқушысының бетіндегі жарақаттарды сынып жетекшісі байқаған. Ол дереу құзырлы органдарға хабарласып, жедел жәрдемге және төтенше жағдайлар бөлімінің өкілдерін шақырған. Себебі, бала әкесінің оны ұрып-соққанын айтқан. Балада бас миының жарақатымен қоса, аяқ-қолы мен бет-аузында көгерген, ісіген жаралар бары анықталды. Қазіргі таңда білім басқармасы ата-аналармен жұмыс жүргізіп жатыр», - деп хабарлады Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Баланың әкесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

Алматы облысы Бала Әке Қылмыстық іс

Тақырыпқа жаңалықтар