Қазақстан жаңалықтары14 мамыр 2024, 16:30

Алматы облысында сотталғандар несие рәсімдеп, казино ойнаған

Алматы облысының прокуратурасы түзеу мекемелерінде заңсыздықтарды анықтады. Прокуратура мәліметінше,сотталғандар, ұялы телефондар пайдалану арқылы онлайн сатып-алуды, кредиттерді рәсімдеп және букмекерлік кеңселер мен онлайн-казино арқылы құмар ойындарға қатысқан. Түрмедегі ақша айналымы 3 млрд теңгеден асқан, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«№10 мекеменің сотталғандары, мобильді құрылғыларды қолдана отырып, рұқсат етілген және тыйым салынған заттарды мекеме ішінде сатқан. Аталған дерек бойынша Алматы облысының прокуратурасымен ҚК-нің 361-бабы 2-1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді»,- деп хабарлады ведомстводан.

Іле аудандық сотының үкімімен осы мекеменің үш қызметкеріне түрлі жазалау шарасы қабылданды.

Бұдан басқа, облыс прокуратурасы ҚК-нің 361-бабы 2-1-бөлігі бойынша №12 және №57 мекемелердің қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, №57 мекеме бастығына қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

«Анықталған деректер, қылмыстық-атқару жүйесіндегі мекеме қызметкерлерінің қатысуымен бұзушылықтардың жалғасып жатқандығын айғақтайды. Тергеу жалғасуда және қазіргі уақытта ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялануға жатпайды»,- деп атап өтті Алматы облыстық прокуратурасы.

Алматы облысы сотталғандар Несие казино

Тақырыпқа жаңалықтар