Қазақстан жаңалықтары26 мамыр 2024, 13:00

Алматыда мектеп түлектерінің кортежі тәртіп бұзды

Алматыда жол ережесін бұзған кортеж жүргізушілері бірнеше баппен әкімшілік жазаға тартылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

12 көліктен тұратын кортеж «Көктөбе» ықшам ауданында жүрді. Түлектер көлік терезесінен денелерін шығарып, өмірлеріне қауіп төндірді, - деп жазады Kazinform агенттігі. 

«Аталған кортежді мамандандырылған батальон қызметкерлері тоқтатты. Жүргізушілерге қатысты жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзу, қауіпсіздік белдігін тақпау, көлікке жалған нөмір тағу, маневр жасау ережелерін бұзу, төтенше жағдай туғызу деректері бойынша 84 әкімшілік хаттама толтырылды. 12 көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды», - деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

 

Алматы түлектер әкімшілік жаза Кортеж

Тақырыпқа жаңалықтар