Қазақстан жаңалықтары6 наурыз 2024, 14:54

Алматыда жер сілкінісінен жатақхана қабырғалары жарылған

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің мәлімдеуінше, Алматыда жер сілкінгеннен кейін бірнеше оқу орнының ғимараттары мен жатақханасының қабырғасында жарықшақтар пайда болған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады. 

«Жер сілкінгеннен кейін бірнеше ғимаратымызда кішігірім жарықшақтар пайда болды. Арнаулы мамандарды, әкімдік өкілдерін және тәуелсіз сарапшыларды шақырып, бірқатар оқу орындарының әр ғимаратын аралап шықтық. Ол нысандардың негізгі құрылысына зақым келмеген. Сондықтан бұл ғимараттарда үш күшімізбен жөндейміз», - деді С. Нұрбек.

Оның айтуынша, дүйсенбі күні студенттер мен оқушылар ғимараттардан жедел шығарылған.

«Жатақханада тиісті күзет ұйымдастырылды. Жоғары оқу орындарының басшылығы жатақханаларды аралап жүр», - деді министр.

Алматы Жер сілкінісі жатақхана жарықшақтар

Тақырыпқа жаңалықтар