Placeholder
ФОТО: Depositphotos
Depositphotos
Қазақстан жаңалықтары3 қыркүйек 2024, 10:34

ақыт белдеуін кері қайтару мәселесі қарала ма?

Уақыт белдеуін кері қайтару мәселесі Мәжілісте қайта қаралуы мүмкін бе? Өйткені тұрғындардан түскен шағым көп екен. Ал шағым жауапсыз қалмауы тиіс дейді мәжілісмендер, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы КТК телеарнасы жариялады.

Еділ Жаңбыршин Мәжіліс депутаты

— Бұл мәселе шынымен де, халық бірнеше рет айтып, бізге жазып жүр. Шын мәнінде мамандармен ақылдасып, қарап, көтеру керек. Егер зияны болса. Былтыр енгізілді. Егер денсаулыққа, балалардың денсаулығына әсер ететін болса, оны қайтару қиын емес.

Биыл 1 наурызда Қазақстан біртұтас уақыт белдеуіне көшті. 12 облыс пен үш мегаполистің уақыты бір сағатқа кейін шегеріліп, батыс облыстармен теңестірілді. Таңның ерте атып, кештің ерте бататынына үйренісе алмай, жұрт оған қарсы петиция да жариялады. Уақыттың ауысуы, әсіресе табиғи белдеуі алшақ түскен Шығыс Қазақстан өңірінің тұрғындарына қиындық әкелді. Бірақ 50 мың адам қол қойған петиция қабылданған жоқ. Жауапты министрлік те, ғалымдар да «оған себеп жоқ» деп тапты. Десе де мәселені енді мәжілісмендер қарап көрмек.

уақыт белдеуі қайтарылу Мәжіліс қаралу

Тақырыпқа жаңалықтар