Placeholder
Фото: Kazinform
Kazinform
Қазақстан жаңалықтары21 тамыз 2024, 9:23

Астанадағы аудандардың бірінде ер адамның денесі табылды

Құқық қорғау органы қызметкерлерінің хабарлауынша, бүгін сағат 18:50-де 102 арнасына Байқоңыр ауданының Янушкевич көшесінде ер адамның денесі табылғаны туралы хабар түскен. Полицияның мәліметтеріне қарағанда, оқиға орнында пышақ жарақатын алған 53 жастағы ер адамның мәйіті табылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы ,Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі жеткізді. 

«Тәртіп сақшылары жедел іздестіру шараларының барысында 31 жастағы күдіктіні қолға түсірді. Алдын ала мәлімет бойынша, екі адамның арасында жанжал туып, соңы кісі өлімімен аяқталған. Заттай дәлел ретінде пышақ табылып, қылмыстық іс қозғалды»,-деп мәлім етті Полиция департаментінен.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

ер адамның денесі Астана

Тақырыпқа жаңалықтар