Қазақстан жаңалықтары21 шілде 2024, 23:38

Астанадан Моңғолияға бара жатқан автобус өртеніп кетті

Астана-Баян-Өлгий бағытында келе жатып өртенген автобуста қазақстандықтар зардап шеккен жоқ. Төтенше жағдайлар министрлігінің Алтай Республикасы бойынша бас басқармасының мәліметінше, өртенген автобустың барлық жолаушысы Қазақстан азаматтары болған. Олар кеше Ресей-Моңғолия шекарасын кесіп өтіп, көлік компаниясы берген қосымша автобуспен Баян-Өлгийге сапарын жалғастырды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қазақстан Республикасының Омбыдағы Бас консулдығының мәліметінше, осы оқиғаға қатысты отандастар тарапынан шетелдік мекемеге өтініштер түскен жоқ, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Бұрын хабарланғандай, төтенше жағдай сенбі күні таңертең Алтай республикасының Оңгудай ауданындағы тас жолда болған. Автобус шамамен таңғы сағат 6-да «Чуйский тракт» Р-256 тас жолының 720 шақырымында өртенген.

Салонда 50 адам болған, оның 15-і бала. Барлығы өздігінен эвакуацияланған, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Бір сағаттың ішінде өрт сөндірілді. Осыдан кейін жолаушылар Инья ауылындағы уақытша орналастыру пунктіне жеткізілді.

Астана Моңғолия автобус Өрт

Тақырыпқа жаңалықтар