Placeholder Бектенов: Біздегі жолдардың көбі ескі стандартпен салынған
Фото: primeminister.kz
primeminister.kz
Қазақстан жаңалықтары30 шілде 2024, 13:46

Бектенов: Біздегі жолдардың көбі ескі стандартпен салынған

Премьер-министр Олжас Бектенов жол құрылыстарының ұзаққа созылуы адам өліміне себепкер болып жатқанын айтты. «Автожолдардың көпшілігі ескі стандарттар бойынша салынған. Сондықтан кейінгі жылдары жаңа магистральдардың құрылысы қолға алынды. Алайда, кейбір жолдардың құрылысы мен жөнделуі тым ұзаққа созылып кетті. Оның үстіне, салынып жатқан учаскелерде жол белгілері мен ақпарат қалқандары, уақытша жол таңбалары жоқ немесе ескерту белгілері дұрыс орнатылмай, жүргізуші оларды байқамай қалады. Мұның соңы жол апаттарына алып келеді», - деді премьер-министр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Сондай-ақ, ол Алматы облысында «сақалды құрылысқа» айналған жолда апат жиі болатынын сынады, - деп жазады Kazinform агенттігі.

«Биылғы наурыз айында 2019 жылдан бері құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан «Қарағанды – Алматы» бағытында жеңіл автомашина жүк көлігімен соқтығысып, 4 адам қаза тапты. Ал мамыр айында дәл осы жолда көлік апатынан тағы 5 адам қайтыс болды. Кінәлілер, әрине, жазасын алды. Дегенмен, әңгіме жүйелі шаралар туралы болып отыр. Көлік министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және күтіп-ұстау кезінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін қабылдауды тапсырамын», - деді Премьер-министр.

Қазақстан жолдар ескі стандарт бектенов

Тақырыпқа жаңалықтар