Білім грантына өтініш қабылдау аяқталды
Биыл бакалавриатқа түсу үшін 79 мыңға жуық грант бөлінген. Гранттардың басым бөлігі инженерлік және техникалық бағыттарға үлестірілген. Биыл алғаш рет ішінара оқу ақысы бар сараланған гранттар енгізілген. Мәселен, «Педагогикалық ғылымдар» және «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат» бағыттары бойынша 150 сараланған гранттан бөлінген. Сондай-ақ «Серпін» бағдарламасы арқылы түсушілерге 3 903 грант бөлінген. Гранттар тізімінде 5 000 халық тығыз қоныстанған және батыс өңірлердің жастарын жетекші жоғары оқу орындарында оқыту үшін мақсатты білім беру гранттары бар, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Egemen.kz жазады.
Талапкерлердің басым бөлігі 42 мың бала студенттік жылдарын Алматы қаласында өткізуді жоспарлап отыр.
Ал елордадағы оқу орындарына түсуге 22 мың талапкер ниет білдірген, 6,5 мың адам Шымкенттегі жоғары оқу орындарын таңдаған.
Грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайты мен әлеуметтік желілерінде, www.testcenter.kz сайтында (ҰТО ресми сайты) және TESTCENTERKZ телеграм парақшасында жарияланады.