Елімізде Алатау деген жаңа қала пайда болады
Алматы облысындағы Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала санатына ауыстырылады, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Алматы облысы Іле ауданының Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылсын. Алматы облысында құрылған жаңа қалаға Алатау атауы берілсін», - делінген ашық НҚА порталында жарияланған «Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасында.
Осы жылдың 29 қарашасына дейін жария талқылауға шығарылып отырған аталған Жарлықты іске асыру жөніндегі қажетті шараларды Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.
Жетіген — Алматы облысы Іле ауданындағы ауыл, Жетіген ауыл округінің орталығы, темір жол станциясы.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: