Placeholder
Фото: Sports.kz
Геннадий Головкин
Қазақстан жаңалықтары14 шілде 2024, 15:42

Геннадий Головкиннің көп жалақы алатыны рас па? ҰОК мәлімдемесі

Әлеуметтік желіде Геннадий Головкиннің ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті лауазымындағы жалақысына қатысты дерек пайда болды. Осыған байланысты ҰОК мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады. 

«Геннадий Головкин ҰОК президенті ретіндегі қызметін ерікті негізде жүзеге асырады. Оның қызметі ақысыз. Ал мотивация қаржымен де, саяси мансаппен де байланысты емес. Ең алдымен, оның жұмысы қазақ спортына көмектесуге, сондай-ақ халықаралық спорт қауымдастығында Қазақстан ҰОК беделін нығайтуға бағытталған. Бұл ретте Геннадий Головкин бұл қызметке кірісу кезінде ҰОК мемлекеттік бюджеттен ақша сұрамайтынын атап өтті. Ұйым өз қызметін демеушілік қаражат есебінен жүзеге асырады, оны тарту жұмысына Г.Головкин қатысады», деп сендірді комитеттен.

айта кетсек, биыл ақпан айының соңында әлемге әйгілі қазақ боксшысы Геннадий Головкин Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті болды.

Геннадий Головкин жалақы ҰОК Мәлімдеме

Тақырыпқа жаңалықтар