Placeholder Прокурорлар соттағы сөзін дайындауға ЖИ  технологиясын қолданбақ
Фото: freepik.com
freepik.com
Қазақстан жаңалықтары31 шілде 2024, 23:22

Прокурорлар соттағы сөзін дайындауға ЖИ технологиясын қолданбақ

Бас прокуратура 2024 жылдың бірінші жарты жылдығында атқарылған жұмыстарға қорытынды жасады. Прокуратура органдарының заңдылықты сақтау, құқық тәртібін қамтамасыз ету және қылмыстылықпен күрес бойынша қадағалау қызметінің нәтижелері белгілі болды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Берік Асылов «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұқбатында айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Біздің жұмысымызда басымдық бері­ле­тін бағыттардың бірі — Бас проку­ратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiнің әлеуетін арттыру. Аталған комитет жаңа цифрлы және инновация технологияларды енгізу, жа­­сан­ды интеллектті қолдану бойын­ша үлкен жұмыстар жасап жатыр. Про­­­­ку­­­рордың соттағы сөзін дайындау үшін жа­­санды интеллект технологиясын қол­­данатын инновациялық модуль әзірленді», — деді Бас прокуроры Берік Асылов.

Оның айтуынша, қылмыстық және әкімшілік сот өн­дірістері, тексерулер тағайындау, аза­мат­тардың өтініштеріне қарау цифрланды. Әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімі, Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі, «Талдау орталығы», «Құқық қорғау, арнайы және басқа да органдардың ақпарат алмасу жүйесі» және «Қадағалау» БАТЖ жасалып, жұмыс атқарылып жатыр.

 

прокурорлар сотта сөз :ЖИ технология

Тақырыпқа жаңалықтар