Қазақстан жаңалықтары11 маусым 2024, 22:38

Қазақстанда бес жұлдызды қонақүйдің орташа бағасы — тәулігіне 55 мың теңге

Қазақстанда қонақүй саны 2 237-ге жетті, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 36-ға артық. Ең көп қонақүй Алматы (232) және Астана (190) қалаларында, сондай-ақ Қарағанды облысында (139), - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл жайында ұлттық статбюродан хабарланды, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Елордада бір жыл ішінде мейманхана саны 12-ге өсті, ең үлкен кему Қостанай облысында тіркелді, онда қонақүй саны 11-ге қысқарған.

2024 жылдың бірінші тоқсанында қонақүйлер барлығы 1,4 млн келушіні қарсы алды, көрсетілген қызметтер көлемі 45 млрд теңгені құрады.

Былтырғы жылмен салыстырғанда жұлдызды категориясы бар қонақүй саны 6-ға қысқарған. Бүгінде олардың саны — 117.

Бес жұлдызды қонақүйлер Қазақстанның 10 өңірінде орналасқан.

Бір адамға шаққандағы орташа төлем — тәулігіне 55,5 мың теңге.

 

Қазақстан отельдер 55 мың теңге Баға

Тақырыпқа жаңалықтар