Қазақстан жаңалықтары3 мамыр 2024, 11:00

Қазақстанда қанша су қоймасы 100% толып тұр

Су ресурстары және ирригация министрлігі осы сағаттағы су қоймасындағы жағдайды баяндады. БҚО-ның төрт ірі су қоймасы орта есеппен 88%-ға толған. Ақмола облысында екі ірі су қоймасы 100%-ға толы. Солтүстік Қазақстан облысындағы екі ірі су қоймасы да 100%-ға толы. Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші — 97%, - деп хабарлайды Arbat.media.

Шығыс Қазақстан облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші — 82,4%, - деп жазады Kazinform агенттігі. 

Абай облысында Шүлбі су қоймасы 39,8%-ға толды.

Қарағанды облысында үш ірі су қоймасы орта есеппен 98,6%-ға толы.

Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші — 92%.

Су қоймаларында жиналған су одан әрі ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану үшін жіберіледі.

Қазақстан су қоймалары Көрсеткіш аймақтар

Тақырыпқа жаңалықтар