Қазақстан жаңалықтары3 шілде 2024, 12:38

Транскаспий дәлізі арқылы Қытай-Қазақстан-Еуропа бағытындағы алғашқы көлік керуені аттандырылды

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Транскаспий дәлізі арқылы Қытай-Қазақстан-Еуропа бағытындағы алғашқы көлік керуенін салтанатты түрде аттандырды. Көлік керуенінің сапары 10 күнді құрайды, ұзындығы - 4 800 шақырым. Керуен Қазақстанның 8 өңірінен өтіп, бүгін Құрық портына жетті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бағыт Қытай мен Қазақстан арасында экономикалық және сауда ынтымақтастықты одан ары дамыта түседі.

«Қытай елінен шыққан жүк автокөлік керуені мен контейнер пойызы Ақтау мен Құрық порттарына келіп жетті. Олар Әзербайжан, Грузия, Түркия және Еуропа елдеріне бет алуда. Бұл Ұлы Жібек жолының қайта жаңғыруы. Керуен аттануға дайын», - деді Құрық портынан тікелей байланысқа шыққан Көлік комитетінің төрағасы Алтай Әлі.

Екі елдің басшыларынан кемелердің жүзуге рұқсат беруді сұрады. Мемлекет басшылары рұқсат берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин Қазақстанның Бейжің қаласында, Қытай Халық Республикасының Астана қаласындағы Мәдени орталықтарының, Астана қаласында Бейжің тіл және мәдениет университеттерінің ашылуына да рұқсат берді.

Транскаспий дәлізі көлік керуені Қазақстан-Еуропа бағыты Қазақстан мен Қытай

Тақырыпқа жаңалықтар