Қазақстан жаңалықтары5 маусым 2024, 23:32

Велоспорттан Азия чемпионаты: Алматыда жолдар жабылады

Алматыда алғаш рет 5-12 маусым аралығында тасжол велоспорттан Азия чемпионаты өтеді. Осыған байланысты жолдың кейбір аумағында қозғалыс уақытша өзгереді. Алматы әкімдігінің мәліметінше, тұрғындарға ыңғайлы болу үшін жолдың бір жағы жабылып, екінші жағында кері қозғалыс ұйымдастырылады. 6-12 маусым аралығында кейбір көшеде жол қозғалысына шектеулер енгізіледі, - деп хабарлайды Arbat.media.

6, 7, 8 маусымда сағат 09:00–ден 17:00–ге дейін Б.Момышұлы көшесінің батыс жағымен солтүстік бағытта «Алматы Арена» кешенінен Сайын көшесіне дейінгі аумақта жол жабылады. Жолдың шығыс жағында кері қозғалыс ұйымдастырылады, - деп жазады Kazinform агенттігі. 

9, 10, 11, 12 маусымда:Б.Момышұлы көшесінің батыс жағындағы жол бойы «Алматы Арена» кешенінен Алматы индустриялық аймаққа дейін көлік қозғалысы шектеледі. Сондай-ақ, жолдың шығыс жағында кері қозғалыс ұйымдастырылады.

Жолдарды жабу кестесі:

9 маусым 09:00–ден 18:00–ге дейін;10 маусым 07:00–ден 11:00–ге дейін; 12:00–ден 16:30–ға дейін;11 маусым 07:00–ден 13:00–ге дейін;12 маусым сағат 9:00–ден 14:30–ға дейін.

«Қала тұрғындары мен қонақтарынан уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды және бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз»,- делінген хабарламада.

 

Азия чемпионаты Алматы Велоспорт

Тақырыпқа жаңалықтар