Қазақстан жаңалықтары13 мамыр 2024, 11:00

Жайық өзенінде су 5 күн қатарынан көтеріліп жатыр

Атырау облысында Жайықтағы су деңгейі 5 күн қатарынан көтеріліп жатыр. Аймақта қорғаныс бөгеттері тұрғызыла бастады. Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары тәулік бойы Қорғаныс құрылыстарының жай-күйіне мониторинг жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов Жайық өзенінің ағысымен Каспийге қарай төмен түсіп, қорғаныс бөгендерін көзбен шолып тексерді, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Кейінгі 5 күн ішінде аймаққа су келу қарқыны жоғарылаған.

«Қазгидромет» РМК гидрологиялық мониторинг деректері бойынша 12 мамыр сағат 09:00-дегі жағдай бойынша Жайық өзеніндегі су деңгейі:

Атырау - 538 см. Тәулігіне + 5 см.

Индербор ауданы - 1033 см. Тәулігіне +7 см.

Махамбет ауданы - 955 см. Тәулігіне +16 см.

«Жайық-Индербор және Жайық-Махамбет су бекеттерінде деңгей шектік белгіден асып түсті. Су одан әрі көтеріледі деп болжанып отыр», делінген ТЖМ хабарламасында.

Жайық Тасқын Атырау облысы су деңгейі
23 қазан 2025 Қазақстан жаңалықтары
23 қазан 2025 Қазақстан жаңалықтары
23 қазан 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар