Жетісу өңірінде Көкөзек каналының суы көтерілді
Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Қопар ауылы маңындағы Көкөзек каналында су деңгейінің көтерілгені туралы хабарлама келіп түсті, - деп хабарлайды Arbat.media.
Оқиға орнына дереу 5 қызметкер мен 1 техника барды.
Тексеріс барысында екі жердегі арна суының асып кеткені анықталды. Алайда аула аумақтарын су басқан жоқ.
Қазіргі кезде жағдай толықтай бақылауға алынды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: