жұма, 20 қыркүйек, 2024

Қазақстан жаңалықтары

(Бет. 40)
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Ж.Тәшенев университетінің қабылдау комиссиясы шешімімен жоғары балл жинаған талапкерлерге «Тәшенов тартуы» білім гранты тағайындалады. Грант беру туралы шешім арнайы құрылған конкурстық комиссияның шешімімен анықталады. Сондай-ақ егер конкурста бөлінген орындарға үміткерлердің ҰБТ балы тең болса, оның аттестаттағы үлгерімінің ортақ балы ескеріледі. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Орал қаласында алаяқтықпен айналысқан 42 жастағы тұрғын ұсталды. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, аталмыш алаяқ өзін құрылыс саласының маманы, пәтерлердің иесі немесе делдал ретінде таныстырып, пәтерлерді сатып, ресімдеумен айналыса отырып, облыс тұрғындарының ақшалай қаражатын иемденген. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өрмекшілердің маусымдық белсенділігіне байланысты (шілдеден қыркүйекке дейін) қарақұрт шағуының алдын алу шараларын еске салады. Қарақұрттардың және басқа да улы өрмекшілердің шағуын болдырмау үшін: қорғаныс киімін кию, яғни қарақұрт мекендейтін жерлерде ұзын шалбар мен жабық аяқ киім (жануарларды ұстау орындары және т.б.), киім мен аяқ киімді киер алдында, әсіресе сыртта болғаннан кейін тексеру, қорғаныс құралдарын (инсектицидтер) қолдану, тазалық сақтау, қоқысты уақтылы тазалау, учаскені және қосалқы ғимараттарды үнемі тексеріп отыру, өрмекшіні қолмен ұстамау. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
ІІМ әйнектерді қараңғылау бойынша талаптарды түсіндірді. Жолда жүру қағидаларына сәйкес көлік құралдары Техникалық регламенттердің талаптарына сай болуы керек. «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентінде алдыңғы көру аумағына қойылатын талаптар белгіленген. Ендеше барлық жүргізушілерге қатысы бар негізгі жәйттерді біле жүрейік. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Қазір ел мектептерінде оқу жылына дайындық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Министр Ғани Бейсембаевтың айтуынша, білім ошақтарында балалардың қауіпсіздігін 72% лицензияланған күзет агенттіктері қорғайды. Мемлекеттің басым міндеті балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың құқықтарын қорғау. Өртке қарсы және терроризмге қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, дабыл түймесінің, бейнебақылау жүйесінің, турникеттердің және лицензияланған күзеттің міндетті болуы жөніндегі талаптар күшейтілді. Алғашқы рет білім беру ұйымдарын қауіпсіздік жүйелерімен барынша жарақтандыру қамтамасыз етілді. Осыған орай жергілікті атқарушы органдардың 2024-2025 жылдарға арналған өңірлік жоспарлары бекітілген.